Shopping cart

Біз туралы

  • Home
  • Біз туралы
Shape image

Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы

 Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «Іңкәр-2018» бөбекжай

балабақшасы жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі    өз жұмысын 2018

жылдың қазан  айының  30- шы жұлдызынан бастады.  «Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 28 мамырдағы № 488 Қаулысымен бекітілген  «Балаларды мектепке

 дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтамасыз ету  жөніндегі 2010-2020 жылдарға

 арналған «Балапан» бағдарламасының  аясында ашылды.

 Заңды   тұлға ретінде 2022 жылдың  маусым  айының 15 – жұлдызымен  Жарғы бекітіліп, 2018 жылдың 7-ақпанында (республикалық маңызы бар қала статусына ауысуы  себебімен)  қайта жаңартылды.

Мемлекеттік тіркеу 2018 жылдың 09 сәуірінде   бизнес сәйкестендіру 170340034533  нөмері берілді.

Шымкент қаласы  Білім басқармасына қарасты «Іңкәр-2018» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі  2023 жылғы  16 қараша   № 02 бұйрығы  негізінде   меңгерушісі етіп  Есжанова Несипгул Мадихановна «Іңкәр-2018»

балабақшасы жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі  тағайындалған. Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Шымкент қаласы Абай ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2015 жылғы  30 мамырдағы                         №415 бұйрығымен бекітілген №017/е нысанды медециналық құжаттамасы. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары санитарлық қағидаларына сәйкес келеді.

 1). 2023 жылдың 29 желтоқсан айында №1701.X.KZ58VWF00126281 санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы берілген.

Бөбекжай-балабақша өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Еңбек Кодексін т.б. нормативтік – құқықтық  актілерін, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының жарғысын басшылыққа алады.

Шымкент қаласы  Білім басқармасы «Іңкәр-2018» бөбекжай балабақшасы» ЖШС  Жарғысы негізінде Шымкент қаласы  Әділет департаменті Абайауданының  Әділет басқармасының 2024 жылғы 11 қаңтар алғашқы тіркеу күніндегі құжаты Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы БСН 181140033493 бизнес сәйкестендіру нөмеріне сәйкес анықтамасы берілген.

Жұмыс мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жобалық қуаттылығы 100 орын, сыйымдылығы 100 балаға арналған 4 топ ұйымдастырылған, онда тізім бойынша бала саны 100  құрайды. Әр топ  толық жабдықталған ойын  бөлмелер,жатын бөлмелер мен тазалық гигиеналық орындары бар.

Аула ағаштармен  көгалдандырылған, таза ауада ойнап, өсу жағдайы қарастырылған, және ойын алаңы, серуендеуге арналған арнайы орындар  бар.

Әрбір топта жеке жатын, ойын, әжетхана және ас тарататын бөлмелері бар.

Арнайы бөлінген даладағы  алаңдарда ойын құралдары орналасқан, бөбекжай-балабақшамыздың іші 2023 жылы ағымдағы жөндеуден өткен, бүгінгі таңда сырты жаңартуды талап етпейді

Су,жылу,электр,интернет желісі,толық талапқа сай қарастырылған. Жұмыс уақыты 10,5 сағат (8.00-18.30 дейін) 5 күндік. Арнайы   асхана,ас тарату бөлмесі бар. Қойма, кір жуу,от жағу бөлмелері орналасқан. Ас дайындау, кір жуу бөлмелері, азық-түлік сақтау қоймалары қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.